👇

Іс-шараның мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды қалыптастыру және олимпиада тапсырмаларын шешудегі озық тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен бөлісу және жинақтау.
Өтетін күні: 2024 жылдың 26-27 қыркүйек айы. Өтетін орны: Жаңасемей ауданы, Шүльбі кенті "Ұлан" патриоттық орталығы.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақ тіліндегі "Әншуақ" республикалық балалар ән байқауы басталды, ол балалардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін қалыптастыру үшін маңызды платформа болып табылады, олардың тұлғалық және шығармашылық дамуына ықпал етеді. Әншуақ-өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі бірегей оқиға.
«Жас өлкетанушылар сөйлейді....» атты кездесу 2024 жылдың 15 қыркүйегінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Ертіс өңірінің өлкетанушылар қоғамы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен бірлескен «Жас өлкетанушылар сөйлейді....» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
🔻Балалардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және экологиялық, қоғамдық тәрбиеге баулу, еңбекқор тұлға қалыптастыру мақсатында «Халықаралық озон қабатын қорғау күні» аясында «Ауаны ластамайық» экочеллендж өткізілді.
2024 жылғы 13 қыркүйекте ҚР ОАМ РҚББОӘО алаңында ерекше таланттар мен жас көшбасшылар “Жұлдызды сәт” атты ашық алаңда бас қосты. Бұл іс-шарада Абай облысының талантты балалары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Амановтың құрметіне математика мұғалімдеріне «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары
Жалпы білім беретін мектептер мен облыстың мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптар арасында
Жалпы білім беретін ұйымдардың және мамандандырылған мектептердің 5-7 сынып оқитын өзге ұлт оқушылары арасында «Қазақ тілінде мектеп өмірінен пайдалы видеороликтер» облыстық конкурсы өткізіледі.
2 күндік оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.
2024 жылдың 7 қыркүйек күні білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында Семей қаласының «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.