әстүрлі «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы 12-рет өткізілді. Елдің әр аймағында өткен білім бәйгесінде 2000-ға жуық оқушыдан оқ бойы озып шыққан 200-ден астам дарынды жас Астанада тіл мықтыда кім мықтыны анықтады. Жеңімпаздар Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында марапатталды.
