Жазбаларды көрсету 1-20 из 47.

"Жас өлкетанушылар сөйлейді…" атты кездесу өтті

«Жас өлкетанушылар сөйлейді....» атты кездесу 2024 жылдың 15 қыркүйегінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Ертіс өңірінің өлкетанушылар қоғамы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен бірлескен «Жас өлкетанушылар сөйлейді....» атты тақырыпта кездесу өткізілді.

«Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары өтеді.

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Амановтың құрметіне математика мұғалімдеріне «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары

2024 жылдың 3-16 маусым аралығында Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің базасында Абай өңірінің мәдени, оқу-әдістемелік және ғылыми орталығы болып табылатын Шәкәрім университеті мектеп оқушыларына арналған дәстүрлі «JAS AKADEMIK-2024» жазғы мектеп бағдарламасын ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр

🔰​«JAS AKADEMIK-2024» жазғы мектебінің мақсаты – мектеп оқушыларының жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы теориялық білімдерін терендету, тәжірибелік дағдыларын дамыту арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуін, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындалуға бағыт беру және тілдік құзіреттерін жетілдіру.

«Оқу-далалық (лагерлік) жиындарды өткізу әдістемесі мен ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум

Семинар-практикум Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК және Бородулиха ауданының білім бөлімі ұйымдастырды.

«Мектеп алды даярлық топтардың тәрбиеленушілері мен бастауыш саты оқушыларын логикалық және күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешуге үйретудің тәсілдері» облыстық семинары мұғалімдеріне арналған облыстық семинары онлайн режимде өтті.

🔰Іс-шараның мақсаты – мектеп алды даярлық топтардың тәрбиеленушілері мен бастауыш саты оқушыларының логикалық, күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешуге қабілеттерін дамыту бойынша педагогтердің тәжірибелерін тарату.

24 сәуір күні “Қосымша білім берудегі ғылыми-техникалық шығармашылықтың маңыздылығы” атты семинар-практикум өтті

Негізгі мақсаты - педагогтердің техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, ұстаздардың өзін-өзі кәсіби дамуы үшін жағдай жасау.

«Мектеп алды даярлық топтардың тәрбиеленушілері мен бастауыш саты оқушыларын логикалық және күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешуге үйретудің тәсілдері» облыстық семинары өтеді.

Іс-шараның мақсаты – мектеп алды даярлық топтардың тәрбиеленушілері мен бастауыш саты оқушыларының логикалық, күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешуге қабілеттерін дамыту.