Жазбаларды көрсету 1-20 из 432.

«Менің ең үздік сценарийім»

🔰Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың мамыр айында жалпы білім беру мекемелерінің педагогтеріне арналған қашықтықтан «Менің ең үздік сценарийім» байқауы

«Мың бала»

Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды. Олимпиаданың басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау. Олимпиада қатысушылары -  Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 6-сынып оқушылары.

«Ата заң - Тәуелсіздігіміздің айғағы»: эссе байқауы

📌«Ата заң - Тәуелсіздігіміздің айғағы»: эссе байқауы21 мамыр күні Абай кітапханасында ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң - Тәуелсіздігіміздің айғағы» атты облыстық эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың Ата заңға деген құрметін қалыптастыру және патриоттық сезімін ояту. Сайысқа Абай облысынан қала және аудан оқушылары қатысты.

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы менің жерім»

🔰Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми- әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың мамыр айында білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушыларына арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы менің жерім» атты облыстық конкурс өтті.

🔰2025 жылдың 18 мен 21 мамыры аралығында Астана қаласында №108 орта мектеп» КММ базасында өткен 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне Абай облысының командасы қатысты.

🔰2025 жылдың 18 мен 21 мамыры аралығында Астана қаласында №108 орта мектеп» КММ базасында өткен 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне Абай облысының командасы қатысты. Жалпы 530 оқушы өз бақтарын сынады.

🔰2025 жылдың 20 мамыр күні 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі Семей қаласының «№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі» базасында өтті.

🔰Байкау 3 бағыт бойынша өткізілді:1) «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауы2) «Жасынан оқу оқып, өнер қуған.....» - ғылыми жоба жұмысы3) «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар бағыты🔰Конкурстың облыстық кезеңіне Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінен 29 оқушы қатысты.