Жазбаларды көрсету 41-60 из 385.

2024 жылы 24 -25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында “Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конурсы өткізілді.

🔰Байқаудың мақсаты: алаштың арысы Мағжан мұрасын дәріптеу, жас буынның классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлылар поэзиясының құдіретін сезіну, насихаттау.

2024 жылдың 14- 25 маусым аралығында “ Жер- біздің ортақ үйіміз” республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

🔰Мақсаты- білім алушылардың экологиялық мәдениетін және табиғат ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.

2024 жылғы 16-22 маусым аралығында Алматы облысының С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық Әскери институты «Али» оқу орталығында X «Айбын-2024» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.

🔰Жиынға 20 команда облыстар мен қалалардың әскери-патриоттық клубтартарының командалары, 6 команда «Жас Ұлан» Республикалық және әскери мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері, 18 команда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен құралымдарының әскери-патриоттық клубтарының командалары 700-ден астам жасөспірім мен оқушылар және биыл шет мемлекеттерден Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей командалары қатысты.

2024 жылғы 13-14 маусым аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынның республикалық финалы өткізіледі.

Республикалық ойынның мақсаты: балаларды патриоттық және әдептілік рухта тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстың мазмұнын жетілдіру, жастардың Отанға қатысты азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.

2024 жылғы 13-14 маусым аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынның республикалық финалы өткізіледі.

Республикалық ойынның мақсаты: балаларды патриоттық және әдептілік рухта тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстың мазмұнын жетілдіру, жастардың Отанға қатысты азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.

10-13 маусым күндері аралығында Семей қаласы мен Абай ауданында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХV Мерейтойлық республикалық Абай оқулары өтеді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2024 жылдың 6-12 маусым аралығында Абай облысының Семей қаласы, Аягөз, Жарма аудандарының іріктелген қатысушылармен «Абай қырандары» Абай облысының команда құрамы X Халықаралық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін сапалы дайындық мақсатында Шульбинск кентінде “Ұлан” патриоттық орталығының базасында оқу-жаттығу дайындықтарын жүргізеді.

🔰2024 жылғы 16-22 маусым аралығында С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық Әскери институты «Али» оқу орталығында X Халықаралық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиыны Қазақстан Республикасынының Президенті-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың қатысуымен өткізілетінін хабарлайды.

2024 жылдың 3-16 маусым аралығында Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің базасында Абай өңірінің мәдени, оқу-әдістемелік және ғылыми орталығы болып табылатын Шәкәрім университеті мектеп оқушыларына арналған дәстүрлі «JAS AKADEMIK-2024» жазғы мектеп бағдарламасын ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр

🔰​«JAS AKADEMIK-2024» жазғы мектебінің мақсаты – мектеп оқушыларының жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы теориялық білімдерін терендету, тәжірибелік дағдыларын дамыту арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуін, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындалуға бағыт беру және тілдік құзіреттерін жетілдіру.

5 маусым- Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

✅Семей Орманы резерваты ұйымдастыруымен “ Жер Елшілері” мен Барнауыл, Өскемен, Павлодар, Алматы, Семей қалаларының оқушылары арасында “Қоршаған ортаны сақтауда робототехниканың әсері” тақырыбында телекөпір өтті.

2024 жылдың 5 маусымында “Табиғатты аяла” жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің республикалық форумы өтті.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне баулу, туған өлкенің табиғатына экологиялық мәдениет пен экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту.

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының арасындағы үздік аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл мекен-2024» облыстық байқауы өтеді

🔰Мақсаты – мектепке дейінгі тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларының экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Семей қалалық Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп «Қуаныш пен көңілді мереке» ойын-сауық бағдарламасын өткізді.

🔰Мерекелік іс-шараға «Авэль» көркем-өнер студиясының тәрбиеленушілері, кітапхананың балалар үйірмелерінің қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары қатысты. Барлығы 100-ге жуық бала қамтылды.

«Жол қауіпсіздігін сақтайық!» «Жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары» танымдық ойындары өткізілді.

🔰Ойындарды негізгі мақсаттары: 1) тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін оқыту; 2) балалардың ойнауына байланысты туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу; 3) жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру; 4) жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.