Жазбаларды көрсету 101-120 из 321.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 1-ші күн.

📍Олимпиаданың жаратылыстану -математикалық бағыты Семей қаласының білім бөлімінің «Экономикалық лицейі» КММ базасында өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу мақсатында Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының ұжымының қатысуымен «Бакыт, Кун, Достык - бұл балаларға қажет нәрсе» тақырыбында театрландырылған ойын бағдарламасы өтті.

«Түрлі-түсті балалық шақ» тақырыбында қатысушылар қиялдарын сурет арқылы асфальт бетіне бейнеледі.Мерекелік бағдарламаға қаламыздың барлық мектептерінен 1000-ға жуық оқушылар қатысты.

Ауыл мектептерінің оқушыларына «Мың бала» олимпиадасы қабілеті мен дарынын анықтап, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады.

🔰Бүгін, 30 сәуірде, ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының II кезеңі өтіп жатыр. Олимпиадаға облысымыздың барлық аудандарынан жалпы саны 195 бала қатысып, 6-сынып оқушылары бақтарын сынауда.

5-8 сынып оқушылары арасында 2024 жылдың 28-30 сәуір күндері Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар байқауы өтті.

🔰Байқаудың мақсаты — экологиялық проблемаларға кызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

18-30 сәуір аралығында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі өткізілді.

🔰Байқаудың мақсаты — білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы

🔰2024 жылдың 26-30 сәуір аралығында Астана және Өскемен қалаларында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы аяқталды.

9-10 сыныптары арасында «Жемқорлық-құқықты бұзу картасы» облыстық ғылыми жоба байқауын өткізеді.

Конкурстың мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу идеологиясын насихаттау.

«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті.

🔗Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Шығыстаудың Шәкірі» шығармашылық байқауы аяқталды.

🔰Байқау «Өлең-өнер,ойыншық емес ермек», «Ән мен күйім-халқыма сыйым» «Тарих мені шығармас мәңгі естен...» бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Барлығы 40 жуық жұмыс түсті.

«Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңіне өткізуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

🔗Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде олимпиаданың ІІ кезеңіне өткен 195 оқушы прокторинг жүйесінде тестілеуге қатысады. Жас зияткерлерімізге сәттілік тілейміз!

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңі өтті.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

2024 жылдың 24 сәуірінде 3-4 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша облыстық олимпиада өтті.

🔰Олимпиада мақсаты–оқушылардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру.

2024 жылдың 24 сәуірінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңі өтті.

Байқауға облысымыздан 14 оқушы – үшінші (облыстық) кезеңнің жеңімпаздары (әр пән мен сынып бойынша бір қатысушыдан) қатысты. Олимпиада онлайн платформада «1 оқушыға–1 компьютер» ережесімен өтті.

6-11 сынып оқушылары арасында 2024 жылдың сәуір айының 18-19 күндері дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық білім байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау; Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.