2024 жылдың 21-22 тамыз күндері Назарбаев Университетінде «Шахмат және білім» II-ші Халықаралық конференциясы өтті, оған Қазақстанның барлық облыстарынан 200-ден астам адам, оның ішінде 60-тан астам мектеп директорлары, бастауыш сынып және дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.
Ашық диктант
2024 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 11.00де (синхронды түрде) облыстың барлық білім беру ұйымдарында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өтетінін хабарлайды.
«Отбасылық саяхат» челлендж
Қазақстанда отбасы күні қыркүйектің әр екінші жексенбісінде тойланады. Осы күнге орай облыстық “Дарын” орталығының әлеуметтік желісінде Абай облысының оқушыларының арасында «Отбасылық саяхат» атты челлендж ұйымдастырамыз🔊
Абай облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың Кешенді жоспарына сәйкес «Туристік өлке», «Спорт көшбасшысы» және «Fun Kids» атты жобаларды жүзеге асыру мақсатында облыстық «Дарын» орталығымен аудандарда іс шаралар ұйымдастырылды.
27 маусым күні Бородулиха ауданында 100-ге жуық оқушылармен кездесу өтті.
Жайдарлы жаз мезгілінің жайма шуақ күндері оқушылардың көңіл-күйіне ерекше әсер ететіні анық. Осы орайда 2024 жылы жазғы демалыс кезінде Абай облысында балалардың сауықтырылуын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасы бекітілген болатын.
Тұжырымдамаға сәйкес Абай облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың кешенді жоспарына сәйкес «Туристік өлке», «Спорт көшбасшысы» және «Fun Kids» атты жобаларды жүзеге асыру мақсатында облыстық «Дарын» орталығымен аудандарда іс шаралар ұйымдастырылды. 09-шілде күні Бесқарағай ауданында 100-ге жуық оқушылармен кездесу өтті.
«Айбын-2024» Жастар жиынына Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінен «Жас патриоттар» командалары қатысты.
Жастар жиынында Абай облысының қатысушылары абыроймен өнер көрсетіп, мықты бәсеке жағдайында жүлделі орындарға ие болды.
В соответствии с Концепцией организации детского отдыха, оздоровления, досуга и занятости детей в летний период 2024 года по области Абай, Комплексным планом по выявлению, развитию и поддержке одаренных детей на 2023-2027 годы в целях реализаций проектов «Туркрай», «Спортивный лидер» и «Fun Kids» 27 июня областным центром «Дарын».было организовано выездное мероприятие в Бородулихинский район. На мероприятий приняли участие около 100 детей.
🔰Цели проектов в летний период: Цель проекта «Туркрай»: Состоит из двух направлений: туристическое и краеведческое. Расширение знаний детей о географии, истории, природе региона Абай в туристическом направлении, развитие туристских навыков и экологической культуры посредством игр во время встреч с членами туристических команд.
Өскемен қаласында Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың жарысы өтті.
🔰Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
2024 жылы 24 -25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында “Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конурсы өткізілді.
🔰Байқаудың мақсаты: алаштың арысы Мағжан мұрасын дәріптеу, жас буынның классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлылар поэзиясының құдіретін сезіну, насихаттау.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ЖИЫН ЖЕҢІМПАЗДАРЫН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ӨКІЛДЕРІ, МЕКТЕП ҰЖЫМЫ МЕН АТА-АНАЛАР ҚАРСЫ АЛДЫ
АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «АЙБЫН-2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНЫНДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ
2024 жылдың 14- 25 маусым аралығында “ Жер- біздің ортақ үйіміз” республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
🔰Мақсаты- білім алушылардың экологиялық мәдениетін және табиғат ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
2024 жылғы 16-22 маусым аралығында Алматы облысының С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық Әскери институты «Али» оқу орталығында X «Айбын-2024» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.
🔰Жиынға 20 команда облыстар мен қалалардың әскери-патриоттық клубтартарының командалары, 6 команда «Жас Ұлан» Республикалық және әскери мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері, 18 команда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен құралымдарының әскери-патриоттық клубтарының командалары 700-ден астам жасөспірім мен оқушылар және биыл шет мемлекеттерден Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей командалары қатысты.
2024 жылғы 13-14 маусым аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынның республикалық финалы өткізіледі.
Республикалық ойынның мақсаты: балаларды патриоттық және әдептілік рухта тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстың мазмұнын жетілдіру, жастардың Отанға қатысты азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.
XXV республикалық «Абай оқулары» өтуде.
📆 10-13 маусым аралығында Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде XXV республикалық «Абай оқулары» өтеді. Көркемсөз байқауына 8-11 сынып оқушылары қатысуда.
2024 жылғы 13-14 маусым аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынның республикалық финалы өткізіледі.
Республикалық ойынның мақсаты: балаларды патриоттық және әдептілік рухта тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстың мазмұнын жетілдіру, жастардың Отанға қатысты азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.
2024 жылдың 6-12 маусым аралығында Абай облысының Семей қаласы, Аягөз, Жарма аудандарының іріктелген қатысушылармен «Абай қырандары» Абай облысының команда құрамы X Халықаралық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін сапалы дайындық мақсатында Шульбинск кентінде “Ұлан” патриоттық орталығының базасында оқу-жаттығу дайындықтарын жүргізеді.
🔰2024 жылғы 16-22 маусым аралығында С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық Әскери институты «Али» оқу орталығында X Халықаралық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиыны Қазақстан Республикасынының Президенті-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың қатысуымен өткізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК жоспарына сәйкес 03 маусым - 01 шілде аралығында Ұлттық мектеп лигасының 5-6 сыныптар арасындағы Республикалық кезеңі Абай облысы Семей қаласында өтуде.
📊Спорт түрлері: баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық, жеңіл атлетикалық кросс, гандбол, үстел теннисі.
10-13 маусым күндері аралығында Семей қаласы мен Абай ауданында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХV Мерейтойлық республикалық Абай оқулары өтеді.
Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
5 маусым- Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
✅Семей Орманы резерваты ұйымдастыруымен “ Жер Елшілері” мен Барнауыл, Өскемен, Павлодар, Алматы, Семей қалаларының оқушылары арасында “Қоршаған ортаны сақтауда робототехниканың әсері” тақырыбында телекөпір өтті.